368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда қарттарға қамқорлық көрсетілді

  • 183
Алматыда қарттарға қамқорлық көрсетілді

Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы бағдарламасы жалғасын тапты.

Мақсат – қаладағы қарияларға барынша көңіл бөліп, олардың бос уақыттарын қызықты өткізуді ұйымдастыру. Бұл жолы Медеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері ауданда тұратын 40 зейнеткердің қаладағы көрікті жерлерді аралауына мүмкіндік жасады. Экскурсия бағдарламасында Ықылас Дүкенұлы атындағы республикалық музыка аспаптары мұражайына бару, Орталық саябақты аралау, Көктөбе мен Медеу шатқалына көтерілуі сияқты жоспарлар бар. Алты сағаттық серуен -  зейнеткерлердің көңіл күйін көтеріп, оларды зеріктірмейтінін айтады ұйымдастырушылар.

Рахымхан Нүктекеев, зейнеткер:

– Зейнеткерлердің көбі қазір демалыста. Себебі балалардың сабағы басталғаннан кейін немерелерін мектепке, балабақшаға апарады. Қазіргі уақытта үйде отырғандықтан, осындай шараларға қатысқымыз келеді, денсаулыққа пайдалы деп ойлаймын.

Ғани Майлыбаев, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары:

– Қазіргі қоғамды тәрбиелеудегі үлесінің және олардың тәрбиелік құнды дүниелерін жастардың бойына сіңіру – ұрпақтар сабақтастығы, тек қана саяхаттап қоймай, жастармен кездесу. Айтары бар азаматтардың өнегелі өмір жолын көрсетіп білу.

Осы категория бойынша: « Теңіз кубогы-2018: Қазақстандық теңіз әскерлері үздік үштіктен көрінді Астаналықтар қаладағы инфрақұрылымдық жобаларды онлайн арқылы бақылай алады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы