369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында 5000-нан астам кітап цифрландырылды

  • 349
Жамбыл облысында 5000-нан астам кітап цифрландырылды

Жамбыл облысында 288 кітапхана болса, олардың қорында 4 миллионнан астам кітап бар.

Оның 243 мыңы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына тиесілі. Оқырман мен кітап арасын жалғастырушы мекемеде 5 мың 705 кітаптың электрондық нұсқасы жасалды. Цифрландыру жобасы аясында мекемедегі 10 мыңнан астам құнды кітаптың 5 мың 588-і,  «Шоқан асулары» бағдарламасы бойынша 40 кітап, жергілікті ақын-жазушылардың 77 жазбасы электрондық жүйеге көшірілді. Әзірге кітапхана қызметкерлері 20-ғасырдың ортасына дейінгі шығармалар мен ақын-жазушылармен келісімшарт жасалған кітаптарды цифрландырып жатыр. Әр кітапты сканерлеу оқулықтың қалыңдығына байланысты. Мәселен, 300 беттік кітапты сандық форматқа көшіру үшін шамамен 2 жарым сағат уақыт керек. Цифрландыру дәуіріне енген кітапхана ұжымы бүгінде үш бағытта жұмыс істеп жатыр.

Эльмира Абдинова, облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры:

– Бірінші бағыт бойынша жоғарғы оқу орындары мен үкіметтік ұйымдармен және де үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыс. Ал екінші фандрайзинг бағыты бойынша кітаптың авторы бізге өздерінің кітаптарын тегін беріп жатады. Ал үшінші бағыт – бұл паблик рилейшнз, өзіміздің БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас.

Осы категория бойынша: « ШҚО: Жанайлық жастар өз күштерімен балалар саябағын жасады ШҚО-дағы бір ғасырдан астам тарихы бар мешіт құлаудың алдында тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы