374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында болған жүк пойызы апатының нақты себебі анықталды

  • 169
  • UPD: 13:31, 09.08.2018

Жамбыл облысындағы Мойынты-Шығанақ теміржол учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне 28-вагондағы ақау себеп болған.

Арнайы тергеу амалдары осыны көрсетіп отыр. Белгілі болғандай вагонның бүйір жақтаушасы 2009 жылы украиндық «Азовэлектросталь» кәсіпорнында шығарылған. Жалпы аталған өндіріс өнімдерінің олқылығынан соңғы 10 жылда 14 вагон рельстен шығып кеткен. Ал 2015 жылы «Қазақстан темір жолы» компаниясы бұл жақтауларды қолданыстан алып тастау туралы шешім қабылдады. Тергеу қорытындысы бойынша бұл кәсіпорын заңға сәйкес барлық шығынды өтеуге міндетті.

Осы категория бойынша: « Мемлекеттік қызметшілерді оқытуда жіберілген бірқатар олқылық анықталды Жоғарғы сот пен Қоғамдық даму министрлігі меморандумға қол қойды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы