369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында орақ науқанына дайындық пысықталды

  • 186
  • UPD: 23:25, 10.08.2018

ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауылшаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен  Қостанай облысында барды.

Онда өңірдегі серпінді жобалармен танысып, дихандармен жүздесті. Облыста мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқанын көріп, шаруаларды мазалаған мәселелерге жауап берді. Аграрлы аймақ үшін маңызды науқан - егін орағына дайындық барысы пысықталды. Алдағы апталарда өңірдің оңтүстігіндегі алқаптарға орақ түсе бастайды. Биыл дихандар мол өнімнен үмітті. Қазіргі сәтте «жекелеген танаптар гектарына отыз центнер шамасында астық береді» деген болжам жасалып отыр.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Қашан егін түгел жиналып біткенше бір де бір комбайнды тоқтатуға болмайды. Бұл ретте әкімдерге де жүктелер жауапкершілік көп, бәрін тыңғылықты ұйымдастыруымыз керек. Науқан қар түскенше созылып кетпеуі тиіс. Астықты ысырап етпеу үшін қолдан келген барлық шараны жасаймыз.

Осы категория бойынша: « Ақтөбелік кәсіпкер ЕХРО 2017 көрмесінен кейін күн мен жел қуатын пайдалана бастады Возрождение аралын зерттеу жұмыстары жүргізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы