367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада үлескерлер отбасы су мен жарығы жоқ үйлерде тұрып жатыр

  • 165
  • UPD: 08:06, 18.08.2018

Астанада 2 мыңнан аса адам заңды баспанасына қол жеткізе алмай жүр.

Өйткені «Жағалау» және «Шығыс» тұрғын үй кешендерінің құрылыстары тұралап, 6 жылдан бері ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Тіпті жыл басында осындай нысандарды салып бітіру үшін қосымша 40 миллиард теңге бөлінген болатын. Бірақ оның өзі мәселені түбегейлі шешпеді. Яғни 10 үйдің 7-еуінде еш жұмыс жүргізілмесе, екеуінің құрылысы аяқталуға жақын. Бірақ оның өзінде қажетті коммунналдық инфрақұрылым тартылмаған. Яғни су мен жарық жоқ. Соған қарамастан амалы таусылған ондаған отбасы осы нысандарда күнелтуге мәжбүр.

Азамат Латыпов, үлескер:

- Баспананың кілтін 2013 жылы алуымыз керек еді. Бірақ әлі күнге дейін кіре алмай отырмыз. Соның кесірінен сандалып, пәтер жалдап жүрміз. Тіпті, 2 жыл бойы отбасыммен 14 шаршы метрлік бөлмені паналадық.

Валихан Досаев, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директоры:

- Құрылысқа қатысты шешілмеген бірнеше мәселе бар. Есеп-қисабына қатысты да ескерту көп. Енді осының барлығын жүйелі түрде реттеп алуымыз керек. Өйткені қаржыны Үкімет қайтарымды негізде ғана берді.

Осы категория бойынша: « Мыңнан астам елорда тұрғыны веложарысқа қатысады Өзбекстан еліміздегі электронды қызмет түрлеріне қызығушылық таныттты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы