364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 250 балаға арналған мектеп-интернат кешенінің құрылысы жүріп жатыр

  • 209
  • UPD: 11:57, 22.08.2018

Оралда жас спортшыларға арналған мектеп-интернат кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

250 балаға есептелген кешен жанынан 150 орындық жатақхана да бой көтереді. Келешекте бұл тәрбие ошағына 7-11 сынып аралығындағы спортқа дарынды балалар қабылданады. Жаңа кешенде олар спорттың бірнеше түрі бойынша жаттығу жасай алады. Қазір облыс орталығындағы мектеп-интернатта 240 бала оқиды. Олардың арасында ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүргендері де баршылық. Алайда ескі ғимарат ешбір талапқа сай келмегендіктен, жеткіншектер жалға алынған спорт залдарында жаттығу жасап жүр. Ал типтік үлгідегі жаңа нысанды мердігерлер «белгіленген мерзімінен бұрын тапсырамыз» деп сендіріп отыр.

Айта кеткен жөн, аймақта спорт нысандары көптеп салынуда. Мәселен қазір қалада жергілікті бюджет есебінен 10 көпбейінді спорт алаңы мен балалар ойын алаңдарының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар өңірде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт алаңдары мен Street Workout-тар көптеп салынуда.

Сергей Потиченко, мердігер кәсіпорын басшысы:

- Нысанды келер жылдың күзінде тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарында еш іркіліс жоқ, тіпті мерзімінен бұрын орындап келеміз. Сондықтан тапсырыс беруші тарапынан ешқандай мәселе жоқ. Жоба құны 1 миллиард 300 теңге шамасында. Қазіргі таңда нысан құрылысы 30%-ға орындалды.

Әсия Аманбаева, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Бұл жерде жатақханасы, тамақтанатын орны, оқу корпусы болады. Соған қоса, ең бастысы, әрине спорт базалары толық қамтылған болады. 12 спорт түрі бар бізде. Бұл приориттеті спорт түрлері. Бұл садақпен оқ ату, шорт-трек, еркін күрес, қыздар арасындағы еркін күрес, оған қоса дзюдо, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, осы спорт түрлері.

Осы категория бойынша: « Ауыл тұрғындары зауыттан шыққан өндіріс қалдықтарынан зардап шегіп отыр Түркістандық жас кәсіпкер ерекше жобаны қолға алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы