364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазцинк» кенішінде топырақ басып қалған машинист табылмай жатыр

  • 212
  • UPD: 12:33, 27.08.2018
<span class=favorites>«Қазцинк» кенішінде топырақ басып қалған машинист табылмай жатыр</span>

«Қазцинк» ЖШС-не қарасты Риддер кен байыту кешенінің Тишин кенішіндегі апат салдарынан топырақ астында қалған машинистің мәйіті табылмай жатыр.

Оқиға 24 тамыз күні болған. Тишин кенішінде топырақ опырылып, апат аймағында бір машинист қалып қойған. Шұғыл түрде құтқару жұмыстары ұйымдастырылғанына қарамастан, машинистің денесі табылар емес. «Компания қызметкерлері топырақ астында қалған әріптесімізді табу үшін қолдан келгеннің бәрін істеуде. Қазір Тишин кенішінде жұмыс тоқтатылған. Барлық күш машинистің денесін аршып алуға жұмылдырылды. 40 адам мен 5 техника үздіксіз жұмыс істеп жатыр», - дейді «Казцинк» ЖШС-нің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Евгений Фоминых. Мамандар құлаған топырақ мол болғандықтан машинистің тірі қалуы екіталай екенін айтады. Апаттың себебі мен салдарын құзырлы мемлекеттік органдар анықтайтын болады.

inform.kz

Осы категория бойынша: « 2019 жылғы халық санағына бұрынғыдан 3 есе аз санақ персоналы жұмылдырылады - ҚР ҰЭМ Астанада кәмелетке толмағандардың қатысуымен 63 жол-көлік оқиғасы болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы