365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ерлан Қожағапанов: Дәретхана салуға мемлекеттік субсидия берілуі керек

  • 176
  • UPD: 15:20, 01.09.2018

Құлаққа түрпі естіліп тұрған болар.

Түсінеміз. Бірақ елімізде халықаралық туризмнің дамуын тежеп тұрған бірден-бір себеп осы әлемдік стандарқа сай келетін дәретханалардың болмауы екен. Қазақстанда шетелдік турист қымтанбай бара алатын екі-ақ дәретхана бар. Оның өзі Астанада.  Мәдениет және спорт министрлігі осындай уәж айтады. Құзырлы орган туристік қызметті дамыту бойынша заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынбақ.

Елбасы жуырда туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын құруды тапсырды. Бастама келер жылдан бастап іске асуы тиіс. Ал қолданыстағы заң жобасы бұл бағдарламаны сәйкесінше орындауға мүмкіндік бермей тұр. Сондықтан Мәдениет және спорт министрлігі тиісті өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Қандай дейсіз бе? Рет-ретімен. «Шетелдік турист Қазақстанға қалаған уақытында кедергісіз келіп-кетуі тиіс. Ол үшін электронды виза жүйесін іске қосу қажет», – дейді құзырлы орган өкілдері.

Ерлан Қожағапанов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Қазіргі таңда әлем деген ашық болып кетті ғой. Әлеуметтік желілерден көре бересің, суреттері жақсы екен, тамағы жақсы екен, осы жаққа барайын дейсің. Барайын десе, консулдық шақырту керек екенін айтады. Ол қайдан табады, шақыртуды туристік компаниялармен келісу керек. Ешқандай кедергі болмауы керек. Әр турист үшін жеңілдік болуы керек. Тек әлемдегі 67 бізге кіретін мемлекетке емес, Қытай, Иран, араб мемлекеттері болсын, бәрі Қазақстанға жеңіл түрде келіп, жеңіл түрде ұшып кетуі керек.

Ал елімізге келген шетелдік туристер аздап қиналатын көрінеді. Зерттеулер нәтижесі осылай дейді. Бір ғана мысал. Елімізде халықаралық стандартқа сай келетін екі-ақ дәретхана бар көрінеді. Оның өзі елорданың әуежайы мен теміржолында. Ал курортты аймаққа барамын десе, қонақтарымыз қысылып қалуы мүмкін. Жол бойында дәретхана жоқ, не жағдайы сын көтермейді. Ал еуропалық азаматтардың терек түбін жағаламайтыны белгілі. Енді қайтпек керек?

Ерлан Қожағапанов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Бүгінгі таңда шетелден келген турист жолда қажеттілікпен тоқтаймын десе, тоқтайтын жерлер жоқ. Тоқтаса, ішіне кірсе, масқара боламыз. Сол үшін біз осы заңда мемлекеттік бағдарламада жолда тұрған қызмет көрсету мекемелерін мемлекеттік жеңілдіктермен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырамыз.

Үлкен қалалардан тыс жерлерде қызмет көрсету нысандарын салған бизнес өкілдері он жылға табыс салығынан босатылады. Мемлекет қажетті инфрақұрлымды жасап береді, шетелден турист ағылады, ел қазынасына инвестиция құйылады. Осы заң жобасын Парламент мақұлдап, құзырлы орган сапалы іске асырса, әрине. «Бюджеттен бөлінген миллиардтар триллион болып қайтады», – дейді құжатты дайындаушылар.

Авторлары: Мәншүк Мақсұтқызы, Ербол Дайыров

Осы категория бойынша: « ШҚО-да омарташылар Қытай нарығына шығуды көздейді Ә.Исекешев пен А.Шпекбаев Астанадағы Ikomek жедел əрекет орталығына барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы