365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісмендер үшінші мегаполистегі баспана мәселесімен танысты

  • 326
  • UPD: 22:23, 27.08.2018

Төменгі палата өкілдерінің бір бөлігі Шымкентке барды.

Олар студенттерді жатақханамен қамту мәселесіне ерекше назар аударып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, алдағы үш жылда Шымкентте студенттерге арналған жаңа қалашық бой көтереді. Қазір арнайы жоба жасалып, «Нұрсәт» шағынауданынан 8 гектар жер бөлу қарастырылып жатыр. Мұнда он мың орынға шақталған 17 ғимарат тұрғызылмақ. Бұл жатақхана жетіспеушілігі мәселесін түбегейлі жояды. Бүгінде үшінші мегаполисте 9 мыңға жуық жас пәтер жағалап, күнелтіп жүр. Әзірге 500 орындық жатақхананың құрылысы аяқталып, ол қыркүйектен бастап пайдалануға берілмек. Бұл студенттер үйі Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында салынып отыр. Депутаттар шаһардағы «7-20-25» бағдарламасының іске асу барысымен де танысты.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мысалы, Шымкент қаласы бойынша кезекте 36 мың адам тұрса, сол бағдарлама бойынша мақұлдаған жобалардың саны 28-ақ. Кезекте тұратын 36 мың адамды аралап шығып, оларға тікелей осы бағдарламаның шартын айту керек қой. Үйлестіру жұмыстары да бар. Яғни осыны қолға алып кірісуіміз керек.

Осы категория бойынша: « Астанада iKomek орталығына жаңа қызмет түрлері қосылды Қостанай облысында жұмысшылар депутаттарға ұсыныс-тілектерін жеткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы