369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында 1 млрд тоннаға жуық кен қоры табылуы мүмкін

  • 339
  • UPD: 10:25, 29.08.2018

Қарағанды облысында геологтар мыстың мол қоры бар аумақтарды барлауға кірісті.

Ол үшін шетелдік ірі компаниялардан қомақты инвестиция тартылған. Технология да жаңа. Осылайша мамандар өңірде үш бірдей ірі жобаны қолға алды. Оны әлемдегі тау-кен металлургия алпауыттарының алғашқы үштігіне кіретін австралиялық-британдық компания жүзеге асырмақ. Мұнда қазір аэрогеофизикалық жұмыстар аяқталып, бұрғылау басталып кеткен. Геологтар Балқаш-Сарышаған және Қорғантас аумағында 1 миллиард тоннаға жуық кен қоры болуы мүмкін деген оптимистік болжам жасап отыр. Тағы бір жаңалық, жуырда Қарағандыда аса күрделі геологиялық сынамаларды зерттейтін заманауи зертхана ашылатын болды. Бұған дейін ондай сынамаларды шет елдерге жөнелтуге тура келетін, – дейді мамандар.

Ғалым Нұржанов, «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы:

- Қазақстанда зертханалар бар. Бірақ олар дүниежүзілік сертификат алмаған. Яғни бізге келіп жатқан инвесторлардың барлығы сол зертханаға тапсыра алады. Оның шығарған шешімін дүниежүзілік қаржы институттарына көрсетуге болады. Бұндай зертханалар бізде болмаған. Бұрын Қырғызстанға баратын. Немесе ең жақын жер деп Ресейге баратын.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жүзеге асады ШҚО-да жыл басынан бері 5 мың 120 бала өмірге келген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы