365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұротандықтар Астанадағы балалар үйіне барды

  • 238
  • UPD: 20:15, 29.08.2018

Астана қаласындағы балалар үйі жаңа кабинеттермен толықты.

Шахмат пен робототехника үйірмелері, тігін шеберханасы, IT сынып пен спортзал жаңғыртылды. Игі дәстүрге айналған «Балаларды мектепке даярлау» акциясы биыл да жалғасын тапты. Мәселен, ел бойынша 15 мыңнан астам бала оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев та аталған науқанға қатысып, балалар үйіне барды.

Қалалық әкімдікке қарасты балалар үйінде айтарлықтай жақсы жағдай жасалған. Мекеме басшылығы тарапынан балалардың кешенді дамуына тікелей әсер ететін түрлі инновациялық бастамалар қолға алынған. Мәселен, мұнда ең үздік отандық және шетелдік тәжірибелерге негізделген Кейс-менеджмент жүйесі сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бүгін мекеме жұмысымен танысқан «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев үйірме кабинеттерімен танысты.

Динара Закиева, мекеме басшысы:

– Кейс-менеджмент жүйесін енгізу арқылы әр баланың тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасалған. Олардың жеке стратегиясы әзірленіп, әрбірі өз икеміне қарай жан-жақты білім алады. Осылайша, тәрбиеленушілер спортта да, шығармашылықта да, оқуда да, тіпті жеке өмірінде де табысты азамат болып шығады.

Сондай-ақ нұротандықтар IT сынып пен стэм-зертханасына барып, балалардың бағдарламалау, 3Д модельдеу және робототехника салаларындағы аяқ алыстарына оң баға берді.

Мадияр Даниярұлы, зертхана қызметкері:

– Жалпы қазір Қазақстан бойынша осындай көптеген стэм-зертханалар жабдықталып жатыр. Сонымен біздің компания болашақ инжиниринг және Стэм-академия компаниясы айналысады. Стэм-лабораторияда 5 баладан бастап оқытыла береді. Жалпы кабинеттің аумағына қарай және жабдықтарға байланысты, 10-15 шақты баланы оқыта береді.

Балалар үйінің тағы бір артықшылығы ретінде жоғары деңгейлі инновацияны айтуға болады. Яғни мұнда балалар үйінің жұмысын ашық жүргізуге және демеушілер мен меценаттарға қайырымдылық қаржысының қалай жұмсалғанын бақылауға мүмкіндік беретін электронды құжат айналымы енгізілген. Жалпы биыл мектепалды даярлыққа бастауыш партия ұйымдары да қатысып, 1 700 ұйым белсенділік танытты.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

– 15 мың бала осы көмекпен қамтылды. 2 мыңнан астам қайырымдылық іс-шаралар жүргізілді. Сондықтан осы қадамымыз арқылы біраз әлеуметтік тұрғыдан проблемалары бар отбасыларына көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Бүкіл Қазақстан бойынша акция жүріп жатыр. Биыл бұл акция жаңа деңгейде жүзеге асырылды деп айтуға толық негіз бар.

Шара соңында партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев балалар әзірлеген шағын концертті тамашалап, оларға оқуына қажетті құрал-жабдықтарын табыстады. Айта кетейік, бүгінде мектеп қабырғасында ата-ана қамқорлығынсыз қалған жүзге жуық бала білім алып жатыр.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ғани Алшынбаев

Осы категория бойынша: « Өзбекстандағы қазақ мектептері жаңа оқулықтармен қамтылды Журналистер арасында «Самғау» байқауы жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы