365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында мектептерге жаңа автобус табыс етілді

  • 297
  • UPD: 15:24, 30.08.2018

Ата заң күніне орай Түркістан облысында мектептерге автобус берілді. Бұл көліктер шалғай елді мекенде тұратын оқушыларды білім ұясына тасымалдау үшін сатып алынған.

Көлік кілтін мектеп басшыларына салтанатты түрде тапсырған  облыс әкімі Жансейіт Түймебаев оларға білім сапасын көтеру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтсақ, Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты,, Үшқайық ауылдық округіндегі Сұлтанбек Қожанов мектебінде 120 бала тасымалданады. Сондай-ақ Бабай-Қорған жалпы орта мектебі мен Түркістан қаласындағы жас туристер станциясына да жаңа автобустың кілті табыс етілді. Зауыттан биыл ғана шығарылған жаңа автобустарды сатып алуға жергілікті бюджеттен 34 млн теңге қаржы бөлінген. Енбі бұл көлік құралдары оқушыларға қызмет етеді.

Раушан Жүзжасарова, Түркістан қалалық жас туристер станциясының директоры:

- Осы қалада балалар туризмін дамытып оытрмыз. Балалар экскурсияға шығады, экспедицияға шығады осы біздің аудандар бойынша. Бұрын осы экскурсияға қаржы бөлінетін соған қарай жалдаймыз немесе демеушілердің көмегімен шығатынбыз. Ал енді биылдан бастап біз экскурсияға емін-еркін өз көлігімізбен шығамыз.

Осы категория бойынша: « Әкім қызметін атқарған қария Ата Заңның маңыздылығын түсіндіріп берді Ертіс өңірінің әкімдері БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы