368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстан темір жолы» компаниясы 1200 вагон сатып алады

  • 317
  • UPD: 18:38, 31.08.2018

«Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы уақытта әлеуметтік маңызға ие 1200 вагон сатып алады.

Заманауи үлгідегі вагондар жолаушылар үшін аса қолайлы болмақ. Аталған компания басшылығы осылайша транспорттық паркті жаңартып қана қоймай, билет тапшылығын жоюды жоспарлап отыр.

Жазда парктегі барлық вагон қолданыста болады. Тап осы кезде жолаушылардың саны  артатыны белгілі. Айталық, жылына темір жол көлігін 16 миллион адам пайдаланса, соның тең жартысы яғни 8 миллионы жаз мезгілінде қатынайтындар. Содан болар өткен айда  кейбір жолаушыларға билет жетпей, біраз адам жолынан қалған болатын. Бірақ билетті онлайн алғандар абдырамады.

Сұлтан Сырлыбаев, жолаушы:

- Мен осы жұмыс бабыммен Қазақстан бойынша өте көп жүремін. Электронды билет алған өте ыңғайлы. Біріншіден уақытыңды үнемдейді. Екіншіден қаншама жеңілдік болса, соның бәрі осы порталда белгіленіп тұрады. 

Жалпы билеттердің 60 пайызы электронды түрде сатылады. Жол жүру қағазын арнайы терминалдар мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының ресми сайтынан онлайн рәсімдеуге болады. Электронды  нұсқаны таңдаған соң, билетті басып шығарып, әуре болмайсыз. Жолсерікке жеке куәлігіңізді көрсетіп, пойызға кіре бересіз. Жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасап отырған «Қазақстан темір жолының» басшылығы енді алдағы уақытта  қосымша 1200 вагон сатып алуды жоспарлап отыр. 

Айгерім Ақсамбиева, жолсерік:

- Жылдан жылға біздің вагондарымыз жаңарып келеді. Жаңадан вагондар шығып жатыр. Өте сапалы. Келесі жылдан бастап бізде төсек орындар мен экипировкамыз жаңарады. Бұл жағдайлардың бәрі жолаушылар үшін. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры Арман Сұлтановтың айтуынша, алдағы уақытта  жолға шығатын жаңа вагондар заманауи үлгіде болады. Сәйкесінше қызметкерлердің де біліктілігін арттыру көзделген.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Ерлан Наурызбаев

Осы категория бойынша: « Қыркүйектің алғашқы күндерінде ШҚО-да үсік жүреді Елімізде төртінші мұнай зауыты салынады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы