365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда пәтерді ойынханаға айналдырған азамат ұсталды

  • 242
  • UPD: 10:14, 04.09.2018

Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен ойынхана әшкереленді.

Заңсыз нысанды полицейлер арнайы шұғыл іс-шаралар барысында анықтаған. Ақмола облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, пәтерді тінту кезінде 10 шақты компьютер, кассалық аппарат және түрлі құжаттар тәркіленген. Тексеріс барысында астыртын ойын бизнесін 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ашқаны анықталды. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Гүлнәр Пинчук облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталған ойынхана дүкен атын жамылып, жұмыс істеп келген. Келушілерге олар компьютерлік құмар ойындарды ойнауды ұсынған. Қазір бұл заңсыз ойынхананың қашаннан бері жұмыс істеп келе жатқаны анықталуда. Ал бұл қылмыстың жазасы ұйымдастырушыны 2 жылға дейін бас бостандығын айыру немесе 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлету.

Осы категория бойынша: « Ақмола облысында егін орағы басталды Павлодарда салонға қарақшылық жасау оқиғалары жиілеген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы