365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында мал ұрлағандар ұсталды

  • 185
  • UPD: 10:59, 04.09.2018
Түркістан облысында мал ұрлағандар ұсталды Aktobenews.kz

Түркістан облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген арнайы операция аясында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Топтың 5 мүшесі жайылымдағы 20 бас жылқыны ұрлау кезінде қол түсті. Олар Түркістан облысының бірқатар ауданында 26 бас мал ұрлаған.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

- «Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға басшылық ету», «Аса ірі мөлшердегі ұрлық» ҚР ҚК екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар Түркістан облысының Арыс ауданы полицейлерімен де мал ұрлығымен айналысқан тағы бір қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.

Осы категория бойынша: « Павлодарда салонға қарақшылық жасау оқиғалары жиілеген Шымкентте «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарнасы екі есеге арзандады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы