374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында жолда мал қағу оқиғасы азайған

  • 175
  • UPD: 13:28, 06.09.2018

Арал маңындағы жолдарда малдармен байланысты оқыс жағдайлар саны екі есеге азайған.

Айталық, былтыр осы сипатта 53 оқиға тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 24-ті құрап отыр. Жолдағы өлімнің азаюына облыстық ішкі істер департаменті себепші болған. Құқық қорғаушылар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолы бойында орналасқан елді мекен тұрғындарына үй жануарларының мойынына түнгі уақытта көзге көрінетін жарық сымдарын ілуді ұсынған. Жаңашылдық оң нәтижесін беріп отыр.

Осы категория бойынша: « Ақтауда еріккен полицейлер жұмыстан қуылды Елордада Тұран даңғылындағы қозғалысқа уақытша шектеу қойылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы