374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жедел жәрдем қызметкерлерінің чемпионаты аяқталды

  • 140
  • UPD: 22:49, 06.09.2018
Астанада жедел жәрдем қызметкерлерінің чемпионаты аяқталды

Биылғы бәсекеге еліміздің барлық өңірінен 18 бригада қатысты. Бұған қоса алыс-жақын шетелден келген командалар да бар.

Олар 8 түрлі жағдай бойынша өзара мықтыны анықтады. Төрешілер үздіктерді жұмыстың сапасына, жылдамдығына және басқа да қасиеттер бойынша іріктеді. Сонымен жарыс қорытындысы бойынша Көкшетау қаласынан келген бригада үздік атанды. Екінші орында тараздық мамандар болса, елордалық топ үздік үштікті қорытындылады. Айта кету керек, республикалық жарыс осымен 3-жыл қатарынан өткізіліп тұр. Ал оның жеңімпаздары енді алдағы халықаралық додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Дәулетхан Есімов, «Медициналық ұйымдардың қазақстандық альянсы» РҚБ басқарма төрағасы:

- Шетелден келген оқытушыларымыз бар. Израиль, Америка, Германиядан, Қытай мен Малайзиядан келген мамандар бар. Солардың шеберлік сағаттары болады.

Осы категория бойынша: « Елімізде балалар үйінің саны азайды Атырауда ҚХА төрағасының орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы