369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда ҚХА төрағасының орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

  • 173
  • UPD: 23:21, 06.09.2018

Атырауда Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко жергілікті этномәдени бірлік өкілдерімен кездесті.

Басқосуда ассамблея мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайын талқылады. Сонымен қатар Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Презизенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында қолға алынып жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысты. Облыс басшылығымен келісілген тағы бір мәселе ол Ассамблеяның әлеуметтік форумын биылдан бастап аймақтарда ұйымдастыру. Бұйыртса бұл шара қараша айында Атырауда өтетін болады.     

Леонид Прокопенко,  Қазақстан Халқы Ассамблеясын төрағасының орынбасары: 

- Аймақтардағы алғашқы әлеуметтік форум осы мұнайлы өлкеден басталатын болды. Жалпы Ассамблеяның атқарып жатқан жұмыстары мен өзге де ақпараттардың  барлығы енді біздің порталға жүктеледі. Барлық мәліметтерді енді осы ғаламтор желісіндегі порталдан алуға болады.  Бүгінде ақпараттық технологиялар аса қарқынды дамып келе жатқан дәуір. Сондықтан еліміздің барлық облыстарындағы Ассамблея мүшелерінің көмегімен жүзеге асырылып жатқан жобалар  белсенді түрде жарияланып отырады.  

Осы категория бойынша: « Астанада жедел жәрдем қызметкерлерінің чемпионаты аяқталды Елімізде әрбір тұрғын үйдің өз бірлестігі болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы