365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда BRT желісін іске қосу арқылы жол жүру уақыты 3 есеге қысқарды

  • 107
  • UPD: 11:56, 10.09.2018

Алматы – кетпелістен көз ашпайтын қала.

Жеке көлік жүргізушілердің жүйкесіне біраз салмақ салса да, қоғамдық көліктерге арналған BRT кептеліс мәселесін шешкендей.

Жүрдек автобустарға арналған жолақ жолдың ортасынан өтетіндіктен,сәйкесінше, аялдамалар да дәл жолдың ортасында орналасқан. Бұл қоғамдық көліктің жеке дара қозғалуына, автобусты пайдаланытын тұрғындардың кептелісте тұрмай, діттеген жеріне тез жетуіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қала бойынша жаңа жолақ Мұстафин-Сүлейменов-Жандосов-Тимирязев көшелерінде іске қосылған. Күнде осы аталған аумақ бойынша 17 бағытта 286 автобус және троллейбус қатынайды екен. Қоғамдық мекемелер көп орналасқандықтан жолаушылар саны да көп. Мамандардың айтуынша, BRT желісін іске қосу арқылы жолда жүру уақыты 3 есеге қысқарып, жолаушылар легі 40%-ға артқан.

Жаңа жобаның тиімділігін уақыт көрсетер. Бір анығы, қазірдің өзінде көшедегі қоғамдық көліктің «тынысы ашылған».

Осы категория бойынша: « Қостанай облысында 200 шақырым жол жөнделеді Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Жоғарғы сотқа шағымданбақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы