367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«7-20-25»: Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылып жатыр

  • 413
  • UPD: 10:19, 12.09.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 18 миллиард теңгенің несиесі мақұлданды.

Астана, Алматы мен Маңғыстау облысы қатысушылар саны жағынан көш басында тұр. Әсіресе, 25 пен 40 жас аралығындағы қазақстандықтар бағдарлама аясында баспаналы болуға ниетті. Еліміз бойынша сұранысқа ие пәтер құны орта есеппен 12 миллион теңгенің шамасында. Еске салсақ, бағдарлама бойынша несие тек жаңа үйге беріледі. Дегенмен, жауапты ұйым ипотекалық нарықты дамыту мақсатында ескі үйлерді несиелеу жайын да қарастырып жатыр екен. Яғни бұдан былай «Баспана хит» бағдарламасы жүзеге асырылады.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы:

- «Баспана хит» бағдарламасы ескі үйлерге несие беруге арналған. Қазіргі таңда базалық ставканың 9 пайыз екенін ескерсек, яғни жылдық үстеме - 10,75 пайыз болмақ. Біздің ойымызша, бұл халық көптен күтіп отырған жаңалық! Екінші нарықтың,,, ипотекалық бағдарламаға қосылуы азаматтарға үй алуға тағы да қосымша мүмкіндік береді!

Бағдарлама бойынша баспана алуға ниетті алматылықтардың саны артқан. Олардан 10 миллиард теңге болатын 800-ден астам өтінім түсірген. Екінші орында елордалықтар. 536 өтінімнің 376-сы мақұлданды. Үштікті 200-ге жуық өтінім мақұлданған Маңғыстау облысы түйіндейді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында бір ғана тұрғын бағдарлама аясында баспаналы болуға ниет білдірген. Нәтижесінде құны 12 миллион теңгенің үйіне қол жеткізді.

Осы категория бойынша: « Талдықорғанда «Тарихи жол» мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті Ақтау тұрғындары сатып алған үйлеріне кіре алмай жүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы