365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның сот жүйесінде тіркелген арыздардың саны 3 млн-нан асқан

  • 175
Қазақстанның сот жүйесінде тіркелген арыздардың саны 3 млн-нан асқан

Оралда өткен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясындағы форумда татуласу рәсімдерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Шараға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері мен кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты. Мақсат – дау-дамайды соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз шешудің тәсілі ретінде Жоғарғы соттың бастамасымен құрылған билер кеңесін халық арасында дәріптеу. Мамандардың айтуынша, қазір Қазақстанның сот жүйесінде тіркелген арыздардың саны 3 миллионнан асып отыр. Яғни сотқа келген тараптарды қоса есептесек, 6 миллионнан астам адам соттасып жүр. Әсіресе, әке мен баланың, ағайын мен ағайынның, дос-жаранның арасындағы дау көбейіп келеді. «Бұл біздің ұлт ретіндегі тұтастығымызға, ауызбіршілік пен тәуелсіздігімізге қатер төндіретін құбылыс», – дейді жоба авторлары. Бұл ретте жанжалдар мен дауларды шешуде медиация институтын балама әдіс ретінде дамытудың маңызы зор болмақ.

Құрман Бисеғалиев, қоғамдық медиатор:

– Ауылдық жерлерде билер төрелігін құру мақсатында ескеретін жайт, би болатын тұлға тек қана қандай да бір жұмыс өтілі ғана бар адамдар емес, өмір тәжірибесін көрген менің замандастарым бар, мысалы, олар қабақпен айтады, көзбен түсіндіреді. Яғни талғамы зор. Міне, осындай адамдар ескерусіз қалмаса, медиацияның ілгерілеуіне үлкен жол ашады.  

Нұргүл Қарағойшина, ҚР Жоғарғы сот төрағасының сенімді өкілі:

– Түкке тұрғысыз даулар бар. Мысалы, екі көршінің арасындағы терекке байланысты дау. Көршімнің терегінің жапырағы менің аулама құлады деп, сол үшін соттасты. Екі жақ көрші де 200 мың теңгеден қалтадан қаражат шығарып, ақырында теректі кесумен аяқталған даулар кімге керек? Сондай жағдайларда үлкендер, ақсақалдар, зиялылар түсіндірсе, сөзге тоқтаған халық бір түйінге келеді деп сенеміз.

Осы категория бойынша: « Алматыда ТМД жастарының форумы басталды Павлодарда аумағы батпаққа айналған саябақ қалпына келтірілмек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы