374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қант тапшылығы туындауы мүмкін деген қауесет қаншалықты рас?

  • 199
  • UPD: 21:23, 14.09.2018
Елімізде қант тапшылығы туындауы мүмкін деген қауесет қаншалықты рас? Atameken Business Channel

Бүгін кейбір ақпарат көздері елімізде қантқа тапшылық туындауы мүмкін деп жарыса жазды.

Олар кәсіпкерлердің болжамына сүйенген. Әрине, қазір жеміс-жидек піскен уақытта бұл өнімге сұраныстың арта түсетіні сөзсіз. Бірақ Ауыл шаруашлығы министрлігінің мамандары байбалам салудың қажеті жоқтығын айтып, желдей ескен қауесетке нүкте қойды. Министрліктің дерегіне сүйенсек, елімізде қант қоры жеткілікті.

Осы орайда статистикаға көз жүгіртсек. Жыл басынан бері бізде 138 мың тоннадан аса қант өндірілген. Экспорт шамамен 51 мың тоннаға жетсе, елімізге келген импорт 121 мың, ал тұтыну көлемі 209 мың тоннаға жетіп отыр. Ал елдің дүрлігуіне негіз болған қант өндіруші компанияның болжамына қатысты Ұлттық экономика министрлігі жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, өндірушілер 2010 жылдан бері Еуразиялық экономикалық одақ аясында шикізатты баж салығынсыз алып келген. Алайда биыл 27 шілдеден бастап аталған жеңілдіктер алынып тасталды. Десе де, бұл жағдай бағаның қымбаттап, тапшылықтың туындауына негіз бола алмайтын көрінеді.

Айта кеткен жөн, қазір қанттың бір келісі шамамен 220-230 теңге аралығында.

Осы категория бойынша: « Аграрлық секторды дамытуға қосымша қаржы бөлінеді Павлодарда жылу трассасының ортасына қысылып қалған марал құтқарылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы