374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялықтар қазақ ертегілерімен танысты

  • 205
  • UPD: 21:35, 16.09.2018

Оңтүстік Кореяда өткен дәстүрлі кітап фестивалінде алғаш рет қазақ шығармалары жұрт назарына ұсынылды.

«Алдар Көсе» мен «Кім күшті?» ертегілерінің тұсаукесер рәсімін Сеулдің Сонбук аудандық мәдениет қоры ұйымдастырды. Осы қорда жұмыс істейтін қазақстандық Әсел Маханова кореялықтарға қазақ мәдениеті жайлы баяндаудан жалыққан емес. Ертегі айту бір бөлек, ол фестивальге қатысушыларға асық атуды да үйретті. Жалпы кітап фестивалі Сеулде сегізінші рет өтіп отыр. Биыл оған 94 мекеме қатысты. Шараның мақсаты – балаларды кітап оқуға ынталандыру.

Әсел Маханова, Сеул қаласы Сонбук ауданы мәдениет қорының қызметкері:

– Бес жыл бойы мен осы фестивальге қонақ ретінде қатыстым. Ал биыл Қазақстанның атынан қатысып, кореялық тұрғындарға қазақтың мәдениетін таныстырдым.

Ли Джин У, Сеул қаласы Сонбук ауданы мәдениет қорының бөлім бастығы:

– Жылдан жылға оқырмандар саны азайып барады. Бұл сандық технологияның дамуымен байланысты. Кітап сату да азайды. Сондықтан біз балаларды кітап окуға шақырамыз және өзге ұлттардың салт -дәстүрі, мәдениетімен сусындатуға тырысамыз. Қорымызда шет елдердің өкілдері жұмыс істейді.

Осы категория бойынша: « Алматылықтар тіккен құрақ көрпе Гиннестің рекордтар кітабына енді Түркістанда құрылысқа жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімдер қолданылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы