389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандардың жолы кесілді

  • 597
  • UPD: 09:08, 21.09.2018

Бірнеше компания тас, құм, топырақты заңсыз өндіріп, құрылысқа қажетті материал ретінде пайдаланған.

Өңірде мұндай 34 дерек тіркеліп отыр. Соның салдарынан қоршаған ортаға 645 миллион теңгеден астам зиян келген. Тек екі компанияның өзі 197 мың текше метр жерді өз беттерінше қазып, табиғи ресурстарды теміржол және автомобиль жолдарын салуға жұмсаған. Салдарынан табиғатқа 626 миллион теңге залал келтірілген. Аталған дерек бойынша жергілікті прокурорлар тексеру жүргізіп, шығынның орны толтырылатын болды. Сондай-ақ 140-тан астам субъект ресурстарды пайдаланғаннан кейін бұзылған жер құнарлылығын қалпына келтіруден бас тартқан. Құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, бұған мемлекеттік бақылаудың болмағандығы себеп болған көрінеді.

Қайсар Бекмұратов, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша 19 адамға қатысты 5 миллионнан астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. 6 келісімшарт бұзылып 10 жер қойнауын жөнсіз пайдаланушыны жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға мәжбүрлеу туралы оң талап-арыз берілді. Жер қойнауын пайдаланушылардың заңсыз иелігіндегі 53 жер телімін алу мәселесі қарастырылды. Мемлекет кірісіне экологиялық зиян, салық және басқа да міндетті төлемдер. Айыппұлдар ретінде 82 миллион теңге өндірілді.

Хабар 24 телеарнасы