360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық диқандар тың әдіс арқылы астық пен көкөніс шығымын көбейтті

  • 134
  • UPD: 15:35, 06.10.2018

Ертіс өңірінің диқандары биыл енгізген цифрлық технологиялардың игілігін көруде.

Тың әдістің арқасында астық және көкөніс шығымы көбейді.

Павлодар облысы «екінші нан» атанған картоптың отаны саналады. Бұл көкөніс түрін өсіретін шаруашылықтардың көбі Ақтоғай ауданында шоғырланған.

Механизатор Игорь Ночевка жоғары технологияны меңгеріп алған. Техниканың тілін тапқан маман комбайнның жүрісіне ғана жауапты, яғни оперторлық қызмет атқарады. Қалған жұмысты жаңашыл дүние істейді. Бұл – ауыл шаруашылығы менеджментінің заманауи жүйесі. Қожалық қолдалықтағы техниканың барлығын GPS навигаторлармен жабдықталған.

Игорь Ночевка, механизатор:

- Жүйенің көмегімен параметрлерді белгілейміз. Мәселен, трактордың жүру жолын жазамын. Кейін GPS навигатордың көмегімен өнім алынатын учаскелердің бойымен жүріп өтеміз. Осылайша біз қажет емес жерде жүреміз деп алаңдамаймыз, барлық жұмысты заманауи техника тыңдырады. Біз тек бақылаймыз.

Ертіс өңірінің фермерлері биылдан бастап жер шаруашылығын нақты жоспарлау бағдардламасына көшкен. Пилоттық режимдегі жобаның арқасында шаруашылықтағы барлық өндірістік процестер оңтайландырылды. Мәселен, топырақты өңдеу барысында жұмсалатын гербицид, тыңайтқыштар мен минералдардың барынша үнемдеуге мүмкіндік бар. Цифрлық технологиялар өнімділікке де әсер етті. Биылғы жылы бұл шаруа қожалығы 860 гектарға картоп егіп, әр гектарынан 35 тоннадан өнім алуда.

Шаруалар күзгі-жиын терімді кештеу бастады. Дегенмен цифрлық технологиялардың арқасында науқан уақытында аяқталатынына сенімді.

Валерий Романов, мелиорация учаскесінің басшысы:

- Күзгі жиын-терім екі аптаға кеш басталды. Енді күн райы қолайлы болып тұрғанда, көкөністі шашып-төкпей жинап алу керекпіз. Биылғы орақ науқанына өкпе жоқ. Өнімділік жақсы. Таяу күндері сәбізді жинауға жаппай кірісімез. 240 гектар жерден көкөніс жинаймыз.

Шаруашылықты асқан дәлдікпен жоспарлау дегеніміз – сан мен сапаның сәйкестігі. Басқаша айтқанда, ақылды технологиялы ақпараттық жүйелер көктемгі дала жұмыстарын жоспарлап, болашақ өнімділік көлемін есептуге де мүмкіндік береді. 

Игорь Головашов, шаруа қожалығының басшысы:

- Жер шаруашылығын нақты жоспарлау жобасын қолға алдық. Қазіргі таңда бұл бағдарламаға мемлекеттік деңгейде назар аударылуда. Біз де заман көшінен қалмаймыз. Бүгінде шаруашылықтағы техниканың барлығы GPS навигаторлармен жабдықталды, өндірістік үрдістерді техниканың көмегімен қадағалаймыз. Уақыт пен ресурстарды үнемдейміз.

Жергілікті шаруалар жыл сайын облыс халқының сұранысынан бірнеше есе артық өнім алады. Мақсат бір – жиналған өнімның сапасын жоғалтпау. Ол үшін шаруашылық өкілдері көкөністі жыл он екі ай сақтауға мүмкіндік беретін қойма салады. Кешен 28 мың тонна картоп пен сәбізге шақталған қойма жанынан жүк терминалы бой көтермек. Бүгінде павлодардың картобы еліміздің оңтүстік өңірлері мен Ресейге тасымалданып жатыр. Десе де шаруалардың көңілі күпті. Себебі, осы жылы Өзбекстан нарығына жол жабылды. Көрші ел фитосанитарлық рұқсат құжатын өнімді тасымалдағанға дейін бір айлық мерзімде жолдауды талап етіп отыр. Ал бұл өңір шаруалары үшін қолайсыз.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы