360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұстаздар қауымы «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылданатындығын қуанышпен қабылдады

  • 228
  • UPD: 15:52, 06.10.2018

Мемлекет басшысының биылғы жолдауында айтылғандай, білім мен ғылым және медицинаға жұмсалар қаржы таяу бес жылда жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына жетеді.

Бұл осы саладағы тиісті реформалардың тиімділігін арттырмақ. Мемлекеттік білім ордалары үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту әдістемесі бірыңғай стандартқа айналса, орта мектептерде кәсіби диагностика, яғни балаларды ерте бастан сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу ісі қоса жүрмек. Апатты және үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2021 жылға дейін қосымша 50 миллиард теңге бөлінетін болды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы маман даярлау ісінің сапасын арттыру мен түлектерді жұмысқа орналастыру жайына да баса назар аударылды. Ұстаздар қауымын қуанышқа бөлеген тағы бір жаңалық – мұғалімдердің статусы айқындалуы. «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң келер жылы қабылданбақ.

Аскен Мұхамбетқалиев, ғалым-ұстаз:

- Педагогтың мәртебесі, яғни оның қоғам алдындағы беделі, оның болмысы, оның атқарып жатқан қызметі және сол қызметінің тиісті дәрежеде бағалануы, міне, Елбасымыз осы мәселенің өзекті екенін көрсетіп берді. Халық мұғалімді, ұстазды қадірлеген, бұрыннан құрметтеген. Міне, осы халықтың құрметін, көзқарасын Елбасымыз осынау үлкен, жоғары мінберден көрсетіп, нақтылап берді деп айтуға болады. Сондықтан өте қуаныштымыз.

Азат Бөршеков, БҚАТУ 3 курс студенті:

- Елбасының жолдауында өзекті мәселелер қозғалды. Соның ішінде бізге ең керек болғаны – ол студенттерді, бітіруші студенттерді жұмыспен қамту. Өйткені біздің қазіргі басты проблемамыз осы бағытта – университет бітіргеннен кейін студенттердің қоғамда өз орнын табуы.

Хабар 24 телеарнасы