360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

С.Конкуров: Педагогтар біздің болашақ азаматтарымызды тәрбиелейді

  • 131
  • UPD: 15:37, 06.10.2018

Елбасы жолдауында білім ғылым, жастарды жұмыспен қамту мәселесінен бөлек ұстаздардың еңбегіне ерекше мән берілді.

Президент педагогтарымыздың қоғамдағы рөлін айшықтайтын арнайы заң қабылдауды тапсырды. «Ол құжатта мұғалімнің құқығы қорғалады. Әрі жауапкершілігі мен міндеттері айқын жазылады», – деді Елбасы.

Станислав Конкуров, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Педагогтар біздің болашақ азаматтарымызды тәрбиелейді. Сондықтан ұстаздардың қоғамдағы беделін айшықтайтын заң қабылданатыны Алматы ұстаздары ғана емес, республикамыздың мұғалімдері күткен жаңалық болды. Сонымен қатар олардың жалақысы бір жарым есеге көбейтілетіні де қуантып отыр. Мұғалімдермен қатар медицина, орта санаттағы мамандықтағылардың да айлықтары көбейетін болды. Бұл халықтың әлеуетін жақсартуға бағытталған игілікті іс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы