360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаудағы ЖОО Назарбаев Университетінің тәжірибесін қолданады

  • 140
  • UPD: 12:04, 07.10.2018

Ақтаудағы жоғары оқу орындары Назарбаев университетінің тәжірибесін қолдануды жоспарлап отыр.

Шахмардан Есенов атындағы мемлекеттік университеті  келер жылы әлемнің жетекші 6 университетімен әріптестік орнатпақ. Оқу орнының ұжымы Елбасы Жолдауындағы білім саласына қатысты айтылған жаңалықтарды зор қуанышпен қабылдады. «Мұғалім мәртебесі туралы заң қабылданатын болды. Бұл халықаралық педагогтар күніне орай жасалған сый болды» дейді оқытушылар. Сонымен қатар келер жылдан бастап, ішкі жалпы өнімнің 10 пайызы білім, ғылым және денсаулық сақтау саласына бағытталмақ. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 4 жарым пайызды ғана құрайды екен. «Сондықтан да елдегі білім мен ғылым саласын зор жетістіктер күтіп тұр» дейді оқытушылар.

Берік Ахметов, Ш.Есенов атындағы университет ректоры:

- Ғылым мәселесі қазіргі экономиканың жаңа форматтағы экономика құрудың негізгі тетіктерінің бірі. Неге десеңіз дамыған елдердің барлығы экономика дамуының негізгі қарқыны ғылым және инновацияда деп біледі. Дамыған елдер Израиль сияқты елдер 2 пайыздан 4,5 пайызға дейін жылдық бюджетінен бөліп тұрады ғылым және инновацияға. Біздің көрсеткіш ол жағынан төмен 0,3 пайыздың төңірегінде. Сондықтан осы ғылым мәселесін қазықтап көтеру өте дұрыс және орынды деп есептейміз.

Хабар 24 телеарнасы