366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды колледждері қазақ тіліне аударылған 100 оқулықпен қамтылды

  • 229
  • UPD: 23:17, 07.10.2018
Қарағанды колледждері қазақ тіліне аударылған 100 оқулықпен қамтылды

Тұсаукесер «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл жоба ғылыми мазмұнды, қазақ тілінің лексикасын байыту, ғылыми терминологияны одан әрі дамытуға серпін беріп, жастардың үздік әлемдік стандарттарға негізделген білім алуына мүмкіндік береді», – дейді білім саласының мамандары. Сонымен қатар жоба аясында жетекші халықаралық университеттер, ғылыми орталықтар және оқулықтар шығаруға мамандандырылған баспалармен тығыз ынтымақтастық орнатылған.

Есенғазы Иманғалиев, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Болашақта біздің жастарымыз шетелдік азаматтардан қалыс қалмауы, 30 алпауыт мемлекеттің қасынан табылуы ең бірінші осы гуманитарлық салаға байланысты. Гарвард, Стэнфорд, Оксфорд сияқты оқу орындары осы кітаптармен дәріс беріп жатыр. Біз осы кітаптарды жоғары сынып оқушылары және колледж студенттеріне жеткізуді жөн санадық.

Хабар 24 телеарнасы