366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау 2018: Қазақстандықтардың пікірі қандай?

  • 255
  • UPD: 13:01, 08.10.2018

Табыс тұрақты болған жерде тұрмыс сапасы да арта түспек, деп хабарлайды «Хабар24».

Ал Мемлекет басшысы өз Жолдауында оның бірнеше жолын атады. «Бейнет түбі – зейнет» демекші, қомақты табыс табу үшін ел тұрғындары ең алдымен еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгеруі тиіс. Жеке кәсіп ашып, өз ісін дөңгелету де табыс кілті екені анық. Бұл ретте Президент Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды тапсырды. Оның шарапаты елдегі кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген 1 миллион 300 мың адамға тимек. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. «Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек», – деді Елбасы. Өмір сапасын жақсартуға қатысты осы және өзге де нақты тапсырмалар ел тұрғындарын ерекше қуантып отыр. 

Гүлсім Усағалиева, қала тұрғыны:

– Елбасы елдің әлеуметтік жағдайына көп тоқталды. Соның ішінде білім, медицина саласына басымдық берілді. Халықтың әлеуметтік жағдайына көмектесетін көптеген бағдарлама ұсынылды.

Әдемі Махамбетқызы, қала тұрғыны:

– Маңызды мәселелер көтерілді, аулалардың жақсаруы, тұрғын үйлердің қолжетімді болуы, жолдардың жақсаруы секілді шешіледі деп ойлаймын.

Бауыржан Атауов, қала тұрғыны:

– Маған ұнағаны, халықтың қай жерге шоғырланғанына орай сол жерге мектептердің салыну қажеттігі. Мемлекеттің қаражатын оңды-солды жұмсау мүлде дұрыс емес. Жалақының көтерілуі қарапайым қызметте жүрген адамдарға қолайлы.

Хабар 24 телеарнасы