365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Медициналық сақтандыру қоры емдеу мекемелеріне 549,8 млрд теңге төледі

  • 140
  • UPD: 17:49, 08.10.2018
Медициналық сақтандыру қоры емдеу мекемелеріне 549,8 млрд теңге төледі Baq.kz

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 549,8 млрд теңге төледі.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директорының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова хабарлады.

Айтуынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 8 қазанға дейін 549,8 млрд теңге төленді. «Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 70%-ын құрайды», - деді Б.Жақселекова.

ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 785,8 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, Қор бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 1379 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 627-сі – жекеменшік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 166-ға көбейген. Ал олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 120,2 млрд теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы