366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде 730 мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген

  • 167
  • UPD: 21:50, 08.10.2018

Елімізде 734 мыңнан астам азамат көлік салығын төлемеген. Ал берешектің жалпы мөлшері 19 миллиард теңгеге жуықтады.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы мәлімдеді. Айнұр Құлшықованың айтуынша, қарыз көлемін азайту үшін Мемлекеттік кірістер және Әкімшілік полиция комитеттері арасында арнайы меморандумға қол қойылған. Оған сай тараптар бірлескен рейд ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Іс-шара барысында тәртіп бұзған жүргізушіге айыппұл мөлшерінен бөлек көліктік салық берешегі жайлы хабарлама табыс етіледі. Салық төлеуші берешегін сол сол сәттен бастап  30 күн ішінде төлеуге міндетті.

Айнұр Құлшықова, ҚР ҚМ МКК Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы:  

- Егер 30 күн ішінде төлемесе,  біз салықтық бұйрық шығарамыз. Салықтық бұйрық шығарылғаннан кейін, борышкерге табыс етілгеннен кейін тағы 5 күн беріледі.  Жалпы алғанда 35 күн беріледі. Егер борышкер өтемесе, бұйрық сот орындаушыларына жіберіледі. 

Жалпы берешек мөлшерінің 2 жарым миллиарды, немесе 13 проценті астаналық жүргізушілерге тиесілі. Мұнда көлік салығын дер кезінде төлемеген 80 мың азамат тіркелген. Олардың басым көпшілігі 50 мың теңгеге дейін қарыз екен. Сондай-ақ, салық төлеушілердің арасында берешегі 1 миллион теңгеден асатындар да кездеседі.

Арман Айтыбеков, Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы:

- Меморандам аясындағы бірлескен рейдтік іс-шаралар 5 қазаннан бастап, жыл соңына дейін өткізіледі. Аптасына 3 мәрте ұйымдастыру жоспарда бар. Егер нәтиже көңіден шығып жатса, келесі жылы да жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы