360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Пантелиб: Бейбітшілікке үндеуде қазақ елінің тәжірибесі көпке үлгі

  • 151
  • UPD: 15:17, 11.10.2018
А.Пантелиб: Бейбітшілікке үндеуде қазақ елінің тәжірибесі көпке үлгі

Әлемнің әр түкпірінде этностық, мәдени және діни тұрғыдан жаңғыру үрдісі жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде дінаралық және этносаралық қақтығыстар белең алды. Теріс пиғылдылар дінді желеу етіп халифат құрып, адамзатқа қауіп төндіріп тұр. Жаһан жұртын алаңдатып отырған өзекті мәселелер съездің екінші күнінде талқыланып жатыр. Осы ретте олар дінаралық қарама-қайшылықтардың өршуіне қарсы тұруда нақты ұсыныстарын айтты.

Антоний Пантелиб, епископ (Сербия)

– Қазір адамзат жаһандық қауіптерге қарсы тұру жөніндегі бірыңғай және жалпыға ортақ қалыптастырудың қарсаңында тұр. Экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бүкіл халықаралық қоғамдастықтың, мемлекеттің ісі. Мұндай мәселелерді шешуде діннің рөлі зор. Сондықтан осында жиналған түрлі конфессия өкілі өз елдерінде бейбітшілікке шақыру жұмыстарын белсенді жүргізуі керек. Бұл ретте қазақ елінің тәжірибесі көпке үлгі.

Хабар 24 телеарнасы