366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Смағұл Раxымбектің «Жырларым менің сөйлесін» атты кітабының тұсаукесері өтті

  • 208
  • UPD: 11:47, 11.10.2018
Смағұл Раxымбектің «Жырларым менің сөйлесін» атты кітабының тұсаукесері өтті

Ұлттық академиялық кітапxанада ақын, жазушы, белгілі журналист Смағұл Раxымбектің «Жырларым менің сөйлесін» атты кітабының тұсауы кесілді.

Смағұл Рахымбек 1952 жылы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында дүниеге келген. Еңбек жолы аудандық «Шамшырақ» газетінен басталған. Ақмола облыстық телерадио компаниясында аға редактор, бас редактор, кейін ҚР Президентінің Телерадио кешенінде бас радактор қызметтерін атқарған. Ол қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, осы өңірде ана тіліміздің өркен жаюына, халқымыздың өнері мен медениетінің дамуына үлес қосты.

Өлең әлемінде өзіндік қолтаңбасы қалған қаламгердің жалынды жырлары жас ұрпаққа да өнеге болады. Алуан тақырыпты қамтыған өлеңдер жинағы қалың оқырман қауымға арналған. Шарапаты мол шара барысында қаламы қарымды тұлға жайлы деректі фильм көрсетілді. Жастық шағынан дос болған Алдан Смайыл модератор болып қана қоймай Смағұл Раxымбек жайлы естелік айтты. Көптің көңіліне қаяу түсірген жиынға заманымыздың заңғар ақын жазушылары, Президент Телерадио кешеніндегі әріптестері бір адамдай жиналды. Ақынның туындылары республикалық және қалалық кітапxаналарға сыйға тарту етілді. 

Хабар 24 телеарнасы