360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында несиені мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды

  • 135
Атырау облысында несиені мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды

Атырауда 12 кәсіпкер мемлекеттік қазынадан берілетін қолжетімді несиені мақсатсыз жұмсаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық прокуратура жүргізген тексеру нәтижесі осындай. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы берілген 20 млн теңгені олар бизнеске емес, үй құрылысына, емделуге, тіпті көлік сатып алуға жұмсаған. Қазір күдіктілер жауапқа тартылып, алған ақшаларын қайтарып жатыр.

Аслан Нұрғалиев, облыстық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары:

– Қадағалау актілерінің негізінде бүгінгі күні жосықсыз кәсіпкерлерден 16 млн теңгеден астам қаржы өндірілді. Бір кәсіпкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 219-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қарыз ақша қайтарылуына байланысты бүгінгі күні іс тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы