360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Синтетикалық есірткіге еліккен жасөспірімдер саны артқан

  • 166
  • UPD: 23:09, 12.10.2018
Синтетикалық есірткіге еліккен жасөспірімдер саны артқан

Алматыда соңғы 5 жылда синтетикалық есірткі заттарының түрлері көбейіп, оған еліккен жасөспірімдер қатары артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір құқық қорғаушылардың бақылауында 1613 нашақор бар, соның жетеуі – жасөспірім. Қалада жыл басынан бері есірткі саудасымен айналысқан 300 адам ұсталып, 80 сайт анықталған. Олардың жұмысы тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 80 келіге жуық есірткі заты алынды. Қазір полиция қызметкерлері мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері бірігіп, ЖОО мен мектептерде синтетикалық есірткінің таралуын тежеу жолдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында партия мүшелері мен құқық қорғаушылар мәлімдеді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз өкілі:

– Оқу орындарының барлық санатында мұндай жұмыстар жүргізіледі. Бүгін Медеу ауданында «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлесе отырып, есірткі затын сатып алған азаматты қолға түсірдік. Бұл бұрын-соңды қылмыстық баппен жауапқа тартылған ер азамат екен. Қазіргі тағда есірткіні саудалаған және сол орынға тығып кеткен азаматтарды айқындау үстіндеміз.

Хабар 24 телеарнасы