366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да мұғалімдердің тәжірибесін арттыру жайы талқыланды

  • 119
  • UPD: 22:00, 13.10.2018

Бүгін шығысқазақстандық мұғалімдер ғылыми конференцияда бас қосып, жаңартылған білім беру жағдайындағы педагогтардың тәжірибесін арттыру жайын талқылады.

Бұл жиын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филалының 70 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Әрбір педагогтың міндеті – білімін үздіксіз жетілдіріп, үнемі ізденіс үстінде болу. Еліміздің шығысында бүгінде 20 мыңнан астам мұғалім еңбек етіп жатыр. Олардың 5 мыңы жыл сайын өз білімдерін шыңдайды. Сондықтан біліктілікті арттыру филиалының мерейтойы аймақтағы ұстаздар қауымының ортақ мерекесі деуге негіз бар.

Сәуле Байхонова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының директоры:  

- Менің ойымша, бұл – біздің ғана емес, бүкіл шығысқазақстандық мұғалімдердің ең басты мейрамы. Өйткені біліктілікті арттыру – әрбір педагогқа қатысы бар маңызды міндеттердің бірі.

Соңғы 3 жылда облыста құны 5 миллиард теңге болатын ерекше жобалар жүзеге асырылып келеді. Атап айтсақ, өңір алғаш болып үш тілде білім беруге аяқ басты әрі мектептерді роботты техникамен жабдықтауда белсенділік танытты.

Иса Самсаев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрайымының орынбасары:    

- Соңғы 5-6 жылда 1-2-3-орындарда жүретін филиал, өте жоғары деңгеймен мұғалімдер біліктілігін арттырады. Соңғы 5 жылда 30 мыңдай мұғалім біздің филиалдан өтті.

Облыстық филиал тек өңір ішінде ғана емес, шетелдік әріптестерімен де тығыз байланыс орнатқан. Көрші ел педагогтарын орталықтағы бүтіндей бір жүйенің сәтті жұмыс істеуі қызықтырып отыр. Ең алдымен жаңашылдықты тәлімгерлер қабылдап, оны мұғалімдерге үйретеді, ал олар білгендерін мектептердегі білім беру барысында қолданады.

Марина Фроловская, педагогика ғылымдарының докторы /РФ, Барнауыл қаласы/:

- Олар өздерінің 70 жылдық тәжірибесін тиімді пайдаланып келеді. Сонымен қатар жаңашылдықтан да құр алақан емес.

Осылайша өлкедегі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы филиалының ұжымы елдегі білім саласының дамуына өз үлестерін қосып жатыр.

Авторлары: Э.Ахметова, Д.Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы