389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өңдеуші кәсіпорындарға бөлінетін 500 млрд теңге бизнеске қолдау болады

  • 431
  • UPD: 19:12, 14.10.2018
Өңдеуші кәсіпорындарға бөлінетін 500 млрд теңге бизнеске қолдау болады

Озық елдер жалпы ішкі өнімінің 5 процентін экспорттаушыларды қолдауға жұмсайды екен. Қазір біздің елде бұл көрсеткіш 1 процентке де жетпейді.

Сондықтан алдағы үш жылда өңдеу өнеркәсібін дамытуға 500 млрд теңге бөлу отандық бизнеске жасалған үлкен қамқорлық. Экономист Мақсат Халық осындай пікірде. Сарапшы бұл қомақты қаражат дайын өнім шығаратын әрі тауары сырт нарықта бәсекеге қабілетті кәсіп иелеріне беріледі екен.

Мақсат Халық, экономист:

- Осы уақытқа дейін егер қарайтын болсақ, бізде экспортқа шығарылатын өнімдердің барлығы қолдау тауып келгенін айтқым келеді. Себебі экспорттың көбін минералды ресурстар құрағанына қарайтын болсақ, осы өңдеу өнеркәсібіне арнайы қолдау жасалмаған. Ең негізгі қолдау ол экспортқа дейінгі қосымша құн салығын босату. 12 пайызын мемлекет қайтарып отырады. ол осыны бүкіл өңдеу өнеркәсібіндегі азаматтарға емес, экспорт бағытындағы кәсіпорындардың бәрі көретін болатын. Осы 500 млрд солардың арасында іріктеліп алып, өңдеу өнеркәсібіндегі азаматтарға бағытталатынын айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы