386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары Алматыда болашақ ұстаздармен кездесті

  • 480
  • UPD: 07:47, 18.10.2018

Алматыда Сенат депутаттары педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесіп, білім саласындағы реформаларды талқылады.

Қазір жоғары оқу орындары болашақ ұстаздарды жаңартылған білім бағдарламаларын есепке ала отырып дайындайды. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы жолдауында айтқан «Ұстаз мәртебесі» заңының қажеттілігін атап өтті. Бұл бастама қоғамның ұстазға деген көзқарасын өзгертеді, – дейді депутаттар. Заңда әлеуметтік жеңілдіктер мен еңбекақы қайта қарастырылуы керек. «Сонымен қатар мұғалімнің міндетіне кірмейтін қосымша жүктемелер де ескерілуі қажет», – дейді кездесуге қатысушылар.

Динар Нөкетаева, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

- Педагогтардың кезіндегі үлкен мәртебесі, педагог келе жатқанда жол ашып, жол беру және ол ең беделді адам, ең ардақты адам, ең тәжірибелі адам, осы қоғамдағы ең бір құрметті адам болған. Қазіргі кезде педагогтың мәртебесін көтергенде де ол өзінің орнын, айшықты орнын ойып тұрып алатынына менің ешқандай күмәнім жоқ. Жалақы көтеріледі 35 пайызға.

Хабар 24 телеарнасы