376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қыркүйекте еліміз бойынша 90 425 оқытушының жалақысы көтерілді

  • 712
  • UPD: 19:15, 22.10.2018
Қыркүйекте еліміз бойынша 90 425 оқытушының жалақысы көтерілді

Ғалым да, шахтер де бас иетін ұстаздың беделі біздің қоғамда өте төмендеп кеткені белгілі.

Өйткені ұстаздың әлеуметтік жағдайы мәз емес. Айлығы шайлығына жетпейді. Бірақ биылғы жылы олардың жалақысы біршама өсті деп айтуға негіз бар. Әуелі Елбасының жолдауына сай жалпы ұстаздардың табысы 30 пайызға өсті. Сонымен қатар шәкірттерін жаңартылған мазмұн бойынша оқытқандарға қосымша үстемақы жүйесі енгізілді. Соның негізінде 2018 жылдың қаңтарында 115 мыңнан астам мұғалімнің, ал қыркүйекте 90 425 оқытушының жалақысы көтерілді. Осылайша биыл білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша біліктілігін арттырған 205 729 ұстаздың табысы артты. Ал 2019 жылдың қыркүйегінде осы жүйеге көшкен 295 841 мұғалім, 2020 жылы 304 мыңнан астам оқытушы жоғары еңбекақы алады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы