386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда теміржолдың үстіндегі көлік өткелі қайта салынбақ

  • 520
Оралда теміржолдың үстіндегі көлік өткелі қайта салынбақ

Орал қаласында Омега ауданындағы теміржолдың үстіндегі көлік өткелі қайта салынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы қараша айында ескі көпірді бұзу жұмыстары басталады. Осыдан 40 жыл бұрын салынған, әбден тозығы жеткен өткел бүгінде апатты жағдайда. Жаңа көпірдің құны – 5 миллиард теңге. Қажетті қаржы Қарашығанақ кенішін игерушілердің облыстың әлеуметтік жобаларына бөлетін қаражаты есебінен қаралмақ. Жобаға сәйкес көпірдің ені екі жолақтан 4 жолаққа дейін кеңейтілсе, өткізу қуаты тәулігіне 10 мың автокөлікке жетпек, ұзындығы – бір шақырым. Алайда көпірге таяу орналасқан үйлердің иелері өз баспаналарына қауіп төнетінін айтады. Шаһар басшылығы оларға уақытша пәтер ұсынады. Егер құрылыс кезінде тұрғынжайларға зиян келсе, мердігер компания өз есебінен шығынды өтейтін болады.

Мұрат Мұқаев, қала әкімі:

– Қазіргі таңда біз пәтер иелеріне кең, жарық, барлық жағдайы жасалған пәтерлерді дайындап қойдық. Екіншіден, қалған иелермен келісім жүргізіп жатырмыз, олар ол жерден көшу керек. Заманауи техника мен технологиялар ол үйлердің бұзылуына мүмкіндік бермейді. Бұзылған, зардап шегілген болса, мердігер компанияоны жөндеп береді.

Хабар 24 телеарнасы