384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


AGROFORUM-2018: Бақытжан Сағынтаев Елбасының диқандарға құттықтауын оқып берді

  • 444
  • UPD: 20:47, 25.10.2018
AGROFORUM-2018: Бақытжан Сағынтаев Елбасының диқандарға құттықтауын оқып берді

Еліміз орақ науқанын табысты аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Осыған байланысты диқандарға арнаған Елбасының құттықтау хатын бүгін AGROFORUM-2018 жиынында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев оқып берді. Жалпы орақ науқанында қамбаға 22 млн тоннадан астам дәнді және бұршақты дақыл құйылды. «Бұл ішкі сұранысты қамтып қана қоймай, астықты сыртқа экспорттауға мүмкіндік береді» делінген хатта. Жалпы, аграрлық форум барысында Бақытжан Сағынтаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне Батыс Қытай нарығына ет экспортын арттыру қажеттігін ескертті. Өйткені көрші елде қазақ етіне деген сұраныс жоғары. Жалпы жыл басынан бері ірі қараның 9 жарым мың тонна еті сырт нарықтарға сатылған.

Хабар 24 телеарнасы