387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ

  • 943
  • UPD: 15:09, 29.10.2018
ҚР СІМ: Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ russian.rt.com

Индонезиядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтардың жоқ екені белгілі болды.

«Индонезияның Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметтеріне сәйкес, ұшақ апатында қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ», - деді ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, Индонезияда апатқа ұшыраған Boeing 737 жолаушылар ұшағының бортында 189 адам болған. Белгілі болғандай, Lion Air компаниясына тиесілі ұшақ Джакарта әуежайынан шыға салысымен, шамамен 13 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Ұшақ Индонезияның Ява аралының батыс жағалауындағы теңізге құлаған. Ұшақтың қираған бөліктерін теңізшілер жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:45 те тапқан.

Хабар 24 телеарнасы