386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық ұлттық электронды кітапхананың 89 елде тұрақты оқырманы бар

  • 812
  • UPD: 21:18, 30.10.2018

Соңғы кезде отандық кітаптарды цифрландыруға ерекше көңіл бөліне бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның нәтижесінде, қазір интернетке ондаған мың оқулық салынып, әлемнің түкпір-түкпірінде деген сұраныс артқан. Ал бастаманы қолға алған Нұржан Жолдабалинов 2020 жылға дейін елімізде шыққан барлық кітап осылай электронды нұсқаға ауыстырылатынын айтады.

«100 жаңа есім» біреулердің жұлдызын жағып берді, ал басқалардың жауапкершілігін арттырып жіберді. Біздің кейіпкер сөзсіз екінші топқа жатады. Өйткені бір көргеннен-ақ оның қарапайым, кішіпейіл және еңбекқор екені байқалып тұр. Айтуынша, жобадағы жеңіс еліміздегі кітапхана саласына үлкен дүмпу әкеліпті. Өйткені сала мамандарына бұрын осыншалық көңіл бөліне бермейтін. Ал Нұржанның жетістігі кітапханаға қатысты қалыптасқан теріс қағидаларды бұзып, нағыз білім, ғылым және ІТ саласының ордасы екенін дәлелдеді.

Нұржан Жолдыбалинов, кітапханашы:

– «Жүз жаңа есімге» кітапханашы кірді» деген пиардың бір жолы деуге болады. Өйткені қазіргі кітапханашылар – мобильді. Олардың имиджін көтеру керек. Өте төмен деңгейге түсіп кеткен. Батыс елдерінде көзқарас басқаша. Сондықтан біз де сол деңгейге жетуіміз керек.

Кітапханашылар беделін көтеру үшін Нұржан не істеді? Ол осыдан 11 жыл бұрын Ұлттық академиялық кітапханаға қызметке келіп, оқулықтарды электронды нұсқаға аудара бастады. Бүгінге дейін дәл осылай интернетке 46 мың кітап жүктелген. Оған паралель Қазақстан оқулықтарын латын қарпіне аударумен де айналысып жүр. Бір сөзбен айқанда, шаруа шаш етектен.

Нұржан Жолдыбалинов, кітапханашы:

– Болашақта біздің өсіп келе жатқан ұрпақ 2025 жылдан бастап тек қана латын қарпінде оқи бастайды. Ал 70, 80, 90 жылдары шыққан кітаптар қайтадан латын қарпінде шығарылмайды. Біздің бағдарламалар сол кітаптарды 1-2 минутта латын қарпіне аударып береді.

«Жүз жаңа есім» жобасы кейіпкеріміздің жұмысқа деген ынтасын арттырып, еңбек өнімділігін еселей түскен. Сондықтан бастамаға жоғары баға беріп отыр. Әсіресе, енді таңдауға түсіп жатқандар арасында осындай көп елене бермейтін саланың мамандарды топ жарса екен деген ниет-тілегі бар.

Авторлары: Аслан Қаженов, Асхат Қарағоишиев

Хабар 24 телеарнасы