389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар құрастырған қауіпсіз үй жүйесі телефонмен басқарылады

  • 431
  • UPD: 21:41, 01.11.2018
Қостанайлықтар құрастырған қауіпсіз үй жүйесі телефонмен басқарылады

Ал қостанайлық жас кәсіпкерлер тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтасыз ететін «ақылды» жүйе енгізді.

Бұл - жоғары оқу орнын биыл бітірген Данат Тұрлыбеков пен Мәди Қафизовтың алғашқы тың жобасы. Олар алдымен кәсіпкерлік курсын тәмамдап, кейін жеке компания ашқан. Жас жігіттер тұрғын үй қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді жүйені өздері құрастырып орнатады. Оның ішіне орталық процессор, бейнебақылау камерасы, түтін, газ датчиктері, есік, терезелердің электронды магниттері сияқты құрылғылар бар. Бұның бәрін смартфон арқылы басқаруға болады. 

Данат Тұрлыбеков, кәсіпкер:

- Мұндай қауіпсіздік құрылғылары қазір көптеген елде бар. Ал Қазақстанда жоқтың қасы. Біз алғаш болып, енгізіп отырмыз. Телефон нөмірі арқылы тіркелесеңіз болғаны. Бұл қосымшаның екі артықшылығы бар. Үйіңізге ұры түссе, немесе газ шығып, өрт қаупі туындаса, бірден СМС- хабарлама аласыз. Сондай-ақ  WiFi- желісі арылы да байланыс тұрақты жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы