389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында 200-ден астам кәсіпорында жұмысшы жалақысы артады

  • 458
  • UPD: 15:27, 06.11.2018

Қостанай облысында алдағы айларда 200-ден астам кәсіпорында жұмысшылардың еңбекақысы көтеріледі.

Жалақы өсімі, шамамен 43 мың адамды қамтиды. Елбасының Жолдауында айтылған бұл бастаманы өңірдің ауылшаруашылық құрылымдары да қолдап отыр.

«Астық индустриясы» агрохолдингі - облыстағы ірі  компаниялардың бірі. Түрлі бағытты біріктірген өндіріс ошақтарында 500-ден аса адам жұмыс істейді. Қазір мұндағы орташа жалақы - 80 мың тенге. Болашақта ең төменгі еңбекақы мөлшерін бірте-бірте сол шамаға жақындату ойымызда бар -дейді агрохолдинг басшылығы. 

Раушан Нұрғалиева, агрохолдинг директорының орынбасары:

- 1 желтоқсаннан бастап, жалақы денгейі төмен 50-ден астам жұмысшының еңбекақысын өсіруді жоспарлап отырмыз. Егер осыған дейін олар 30 мың тенге алып келсе, енді 43 мың тенгеден жоғары болады. Бірінші кезекте қызмет көсетуші құрамның айлық жалақысы көтеріледі.

Любовь Брызгалова, еден жуушы:

- Әрине өте қуаныштымыз. Еңбегің еленіп, тұрмысың жақсарып жатса, жұмысқа деген ынта да артады. Мұның бәрі Мемлекет басшысының қарапайым адамға деген қамқорлығының арқасы деп білем.

Қарабалық ауданындағы «Агро-Торо» серіктестігі де алғашқылардың бірі болып, жұмысшылардың еңбекақысын көтергелі отыр. Негізінен егіншілікпен айналысатын шаруашылықта 230 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 77 мың тенге. Механизаторлардың айлығы бұдан әлдеқайда жоғары. Алайда орташа денгейден тым төмен  алатындар да аз емес.

Владимир Акинша, серіктестік директорының орынбасары:

- Серіктестікте жұмыс істейтін 230 адамның 35-і ең төменгі еңбекақы алып келді.  Біз олардың жалақысын жаңа жылдан емес, алдағы 1-ші желтоқсаннан бастап,  28 мың тенгеден 42 мың тенгеге көтереміз деп шештік.

Облыс бойынша 43 мың адамның еңбекақысы өседі деген меже бар. Соның жартысына жуығы агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейді. 

Авторлары: Мағауия Қалиев. Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы