376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда жылу жүйесінің 50 пайызы тозған

  • 445
  • UPD: 17:31, 07.11.2018
Көкшетауда жылу жүйесінің 50 пайызы тозған

Облыс орталығын жылу қуатымен қамтамасыз ететін компания жыл сайын жүйені және ілеспе жабдықты жаңғыртуға өз қаражаты есебінен 140 миллион теңге жұмсайды.

Биыл оның үстіне қалалық бюджеттен қаржы жұмсалды.  Осылайша, 750 миллион теңге магистральдық жүйелер мен сүзгілерді ауыстыруға бағытталды. Компания Көкшетау қаласымен Красный Яр және Көкшетау-2 кентінде орналасқан 855 үйді жылумен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, қалада жылу беру маусымы 28 қыркүйекте басталды. Жылу қуатының тарифі 1 шаршы метр үшін 130 теңгені құрайды. Және ол 2015 жылдан бері қымбаттамаған.

Сергей Жуков, жылу компаниясының бас директоры:

- Сорғы станцияларының энергиялық тиімділігі» бағдарламасына сәйкес ек іүлкен жөндеу жұмысын жүргіздік, яғни, МПС-2 сорғы стансасының қуатын арттырдық және қолданыстағы қазандықты басқа бағытқа бұрдық. КЭС ауданы біздің К-2 жылу көзінен мазутпен жұмыс істеген, онда жаңа технологиялар, энергия үнемдеуші сорғылар, жабдықтар қолданылған.

Хабар 24 телеарнасы