383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада 55 жылы аялдама қолданысқа беріледі

  • 404
  • UPD: 10:47, 12.11.2018

Қыстың ызғарында жолаушылар қайтпек? Қоғамдық көлік күткен көпшіліктің әркез көңілі күпті.

Астаналықтар былтыр жаңа аялдамаларда бой жылытып, жаңашылдықтың игілігін көрген еді. Жүргіншілердің қуанышына орай биыл тағы 55 жылы аялдама қолданысқа берілмек. 

Астаналықтар  үшін жылы аялдамалар керек-ақ. Бірақ қаланың кейбір орталық көшелері болмаса  мұндай  орындар әзірге некен-саяқ. Жалпы бары 27. Биыл тағы  55-і ашылады.  Құны да арзан емес. Құрылыс жұмыстары, құрал-жабдықтар бағасы, оны орнатуды есеп алғанда 12 млн теңге.   Қазіргі уақытта павильондарды белгілі бір мекеменің қарамағына беру жұмыстары жүріп жатыр.  

Руслан Әбдуәлиев, жолаушылар көлігі басқармасы жол жүру қауіпсіздігі бөлімінің басшысы:

- Бұл аялдамалар бүгінгі күнге проектілік сметалық жобаларға байланысты электр қуатына қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электр қуатына қосылып барлық қондырғыларды орнатқан соң бұл аялдамалардың барлығы ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды. 

Бұл «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыруды бір бағыты. Жылы аялдамалар  орталықтандырылған жүйе арқылы бейнебақылаумен  қадағаланады.  Құқық бұзған азаматтар көзге түсіп жатса, жақын жердегі ішкі істер бөліміне хабар беріледі. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл аялдамалардың жолаушылардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған. 

Антон Быстримович, жоба жетекшісі:

- Жаңа аялдамалардың артықшылығы көп. Барлығы Смарт сити жүйесіне қосылған. Мәселен, ауа температурасы минус 10 градусқа төмендеген жағдайда жылу жүйесі автоматты түрде қосылады. Ал,  сынап бағанасы 20 градустан көтерілсе желдеткіш жұмыс істей бастайды. Сағат түнгі бірден кейін жылу, жарық өшіріледі. Бұл тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдардың аялдамаларды қонып шығатын орынға айналдырмас үшін де жасалды. 

Құрылысқа соққыға төзімді материалдар қолданылған. Бірақ соға берсе бәрі сынады. Сондықтан тұрғындардың мәдениетті болғаны абзал.

Айта кетейік, бюджет қаражатына салынған 55 жылы аялдамадан бөлек, мемлекеттік және жекеменшік әріптестік есебінен тағы 10-ы қойылады. Жылы павильондар емхана, аурухана, мектептер, вокзал сияқты халық көп жүретін жерлерде орнатылып жатыр. Осы айдың 15 не дейін қолданысқа берілмек.

Хабар 24 телеарнасы