389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұр

  • 789
  • UPD: 13:44, 16.11.2018
Қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұр gismeteo.ru

Қазгидромет» 17-19 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.

«Кең алқапты және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұруын жалғастырады. Еске сала кететін, ең төменгі түнгі ауа температурасы минус 10…18°С градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде минус 20…28°С градус белгіленді, ол климаттық нормадан 8…15°С градус төмен.

Бірақ Батыс Сібірдің және Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжыйтын атлантикалық циклондардың әсерінен, Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсуін бастайды. Онымен демалыс күндері температураның жоғарылауы болжанады, сонай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, желдің күші 15…20 м/с. Республиканың оңтүстігінде әзірше жауын-шашынсыз, бірақ сондай-ақ температураның жоғарылауы күтіледі, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар күтіледі», - деді Қазгидромет болжамы.

Хабар 24 телеарнасы