386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада электр жарығын таратушы компания 285 млн теңге заңсыз табыс тапқан

  • 538
  • UPD: 22:53, 16.11.2018

Олар 3 жыл бойы тариф құнын негізсіз өсіруден осынша пайдаға кенеліпті. Қалалық прокуратура өкілдері көлеңкелі іспен айналысқан мекемені тексеріп, жарыққа төленген артық ақшаны тұтынушыларға 1 жылда қайтарып беруді талап еткен.

Басы дауға қалған компания - енді жарықты төмендетілген тариф бойынша таратады. Осының арқасында тұрғындар аталған мекемеге электр энергиясы үшін бұрынғыдай 3 теңге 8 тиын емес, 2 теңге 80 тиын төлейтін болды. 

Александр Павлов, «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасы:

– Бізге екі бірдей айыппұл салынды. Алғашқысы 24 млн теңгеге, екіншісі 17 млн теңге көлемінде. Біз прокуратура өкілдері таққан бұл айыппен келіспей соттастық. Түбінде сот аталған сомаларды 4 млн теңгеге  қысқартты. Бізге салынған айыппұлды осы күні толық өтедік.

Хабар 24 телеарнасы